05 Мамыр 2021
Материал Мақаш Бекмұхамбетов атындағы орта мектебі

Мектеп формасы

Жалпы білім беретін Мақаш Бекмұхамбетов (А. Құнанбаев) атындағы орта мектебінің 2017 жылғы 20 мамырдағы ата-аналар жиналысының хаттамасының қаулысымен бекітілген мектеп формасы үлгісі

Мақаш Бекмұхамбетов атындағы жалпы білім беретін орта мектебінде  міндетті мектеп формасы мектеп Жарғысына енгізілген. 
Мектеп формасының үлгісі, түсі классикалық стильде, бірыңғай қара көк және торкөз түс мата гаммасында жасалған. Мектеп формасы білім алушылардың жас ерекшеліктеріне қарай енгізілді.
Күнделікті ұлдардың мектеп формасы: ақ көйлек, жакет, қара-көк шалбар (шалбардың ұзындығы тобықтан төмен), қыздардың мектеп формасы: ақ көйлек,  қара-көк юбка, ақ бантик (юбканың ұзындығы тіземен бірдей).       
Ұлдардың мерекелік формасы күнделікті формаға қосымша ақ жейдеден, қыздар үшін ақ түсті блузкадан құралған.

8. Мектеп пен білім алушылардың және (немесе) олардың ата-аналары

мен өзге де заңды өкілдерінің қарым-қатынасын

рәсімдеу және регламенттеу 

  1. Білім алушылар:

1) мемлекеттік жалпы міндетті білім беру стандарттарына сәйкес білім алуға;

2) мұғалімдер кеңесінің шешімімен жалпы міндетті мемлекеттік білім беру стандарттары шеңберінде жеке оқу жоспарлары, жеделдетілген білім беру бағдарламалары бойынша оқуға;

3) өзінің бейімділігі мен қажеттеріне қарай қосымша білім беру қызметін пайдалануға білім алуға, оқу жоспарларына сәйкес баламалы курстар таңдауға;

4) Мектепті басқаруға қатысуға;

5) Мектепке қайта қабылдануға және оқудың бір нысанынан екіншісіне ауысуға;

6) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленген тәртіппен білім беру ұйымдары кітапханаларының ақпараттық ресурстарын тегін пайдалануға, оқулықтармен тегін қамтамасыз етілуге;

7) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленген тәртіппен халықты жұмыспен қамту саласының жағдайы туралы ақпарат алуға және кәсіби- диагностикалық зерттеуден өтуге;

8) өз пікірі мен сенімін еркін білдіруге;

9) өзінің адамдық қадір-қасиетінің құрметтелуіне;

10) оқудағы ғылыми және шығармашылық қызметтегі табыстары үшін көтермеленуге және сыйақы алуға;

11) жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жүруге;

12) оқу процесінен алаңдатылмауға;

13) Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес басқа да (білім алушылардың жекелеген санаттары үшін) жеңілдіктер алуға;

14) мемлекеттік жалпы міндетті білім беру стандарттары көлемінде білімді, шеберлік пен практикалық дағдырларды меңгеруге, ішкі тәртіп ережелерін сақтауға;

12

15) Жарғыда көзделген, басқа да міндетті талаптарды орындауға;

16) өздерінің денсаулығына көңіл бөлуге, рухани және дене бітімін өздігінен жетілдіруге ұмтылуға құқылы.

  1. Білім алушылар міндеттерін бұзғаны үшін оларға қолданыстағы заң талаптарында және осы Жарғыда көзделген тәртіптік ықпал ету шаралары қолданылуы мүмкін.
  2. Орта білім беру ұйымдарының міндетті мектеп формасы (бұдан әрі – Мектеп формасы) оқытудың зайырлы сипатына сәйкес келеді.

Мектеп формасының үлгісі, түсі классикалық стильде, бірыңғай түс гаммасында жасалады, үшеуден асырмай түстерді араластыруға рұқсат етіледі. Мектеп формасының түсі қалыпты және ашық емес түстерден таңдалады.

  1. Мектеп формасы білім алушылардың жас ерекшеліктеріне қарай енгізіледі.
  2. Мектеп формасы күнделікті, мерекелік және спорттық болып бөлінеді.
  3. Ұлдардың мектеп формасы: ақ көйлек, жакет, қара-көк шалбар (шалбардың ұзындығы тобықтан төмен).
  4. Қыздардың мектеп формасы: ақ көйлек, қара-көк юбка, ақ бантик (юбканың ұзындығы тіземен бірдей).
  5. Ұлдардың мерекелік формасы күнделікті формаға қосымша ақ жейдеден, қыздар үшін ақ түсті блузкадан құралады.
  6. Ұлдар мен қыздарға арналған спорттық форма спорттық костюмнен (спорттық шалбар, куртка, футболка), спорттық аяқ киімнен (крассовка, кеды) тұрады.
  7. Мектеп формасына классикалық пішіндегі мектеп формасының негізгі түсіне сәйкес немесе кереғар келетін галстук тігіледі.
  8. Мектеп формасына түрлі діни конфессияларға қатысты киім элементтерін және мектеп ішінде діни конфессияларға қатысын білдіретін діни киімдерді (хиджаб, орамал, никаб, бурка, паранжа, сикх тюрбандары және иудей кипа-бас киімдері және т.б.) және кез келген діни атрибутикаларды (белгілерді) киюге тыйым салынады.
  9. Білім беру ұйымдарының қызметі тиісті  үлгідегі  білім  беру  ұйымдары  қызметінің  ережелерімен  және  жоғарыда көрсетілген  талаптар  ата-аналармен  бірге  жарғыға  сай  келісім  шарт  негізінде  жүзеге  асырылады.
  10. Мектеп формасына орта білім беру ұйымының ерекшелік белгілерін (белгілер, тігіспелер және т.б.) салуға болады. Олар киімнің немесе аксессуардың (пиджак, жилет және галстук) жоғарғы бөлігінде орналасады.
  11. Мектеп формасына қойылатын талаптар климаттық жағдай, оқу сабақтарының өткізілу орны және оқу ғимаратындағы температуралық режим ескеріліп, іске асырылады.
  12. Мектеп формасына қойылатын талаптар бойынша жарақаттайтын фурнитурасы бар киім мен аксессуарлар киюге тыйым салынады.

13

  1. Мектеп формасын енгізу барысында мата құрамына назар аударылады.
  2. Мектеп формасының матасы ретінде қасиеттері жақсартылған жартылай жүн және мақта, киіске төзімді, антибактериалдық, антимикробтық және антистатикалық қасиеттері бар маталар қолданылады.
  3. Мектеп формасының түсін, фасонын таңдауды және юбканың ұзындығын орта білім беру ұйымы мен қоғамдық кеңес айықындайды, жалпымектептік ата-аналар жиналысының хаттамасымен бекітіледі.
  4. Мектеп формасына өзгерістер енгізу туралы шешім қоғамдық кеңеспен келісу арқылы қабылданады.
  5. Ата-аналар және өзге заңды өкілдер білім алушылардың орта білім беру ұйымында белгіленген мектеп формасын киюіне жауап береді.
  6. Білім алушылар оқуға тырысуға, үлгілі болуға, қоғам өміріне белсеңді қатысуға, мектеп оқушыларының ережесін орындауға міндетті.
  7. Білім алушылар Мектеп мүлкіне ұқыптылықпен қарауға міндетті және материалдық залал келтірген жағдайда Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес толықтай немесе өзінің ата-анасы мен өзге де заңды өкілдерінің есебінен жауапкершілікке тартылады.
  8. Туристік жорықтар, экскурсиялар, спорттық жарыстар және басқа шаралар ата-аналар комитетінің келісімі бойынша Мектеп басшысының рұқсатымен сапардың мақсаты және түрі білім алушылардың жасы қауіпсіздік ережелерін сақтау және тағы басқа жағдайларын есепке ала отырып, тиісті мұғалімнің басшылығымен өткізіледі.
  9. Барлық өткізілетін шаралар Мектептегі оқу-тәрбие жоспарының кестесіне сәйкес жауапты мұғалімнің қатысумен сағат 20:00-ге дейін аяқталуы қажет.
  10. Әрбір сынып өз кезекшілігін сынып жетекшісінің басшылығымен, Мектеп басшысы бекіткен кестеге сай өткізеді.
  11. Кезекші сынып өзінің кезекшілігі уақытында ішкі тәртіпке, реттілікке, тазалыққа Мектеп мүлкінің сақталуына жауапты болады.
  12. Кезекші сынып үзіліс кезінде барлық білім алушылардың тәртібіне бақылау жасайды.
  13. Мектепішілік жиындарда кезекшілікті жақсы атқарған сыныптар, бесенді қатысушылар көтермеленеді.
  14. Білім алушыларды көтермелеу және тәртіптік жазалар түрлері Мектеп ата-аналар комитетінің келісімі бойынша сыныптар жиналысында жасақталады және қабылданады және педагогикалық кеңеспен бекітіледі.
  15. Кәмелетке толмаған балалардың ата-аналары мен өзге де заңды өкілдері:

1) мектепті баланың қалауын, оның жеке басының бейімділігі мен ерекшеліктерін ескере отырып таңдауға;

2) ата-аналар комитеті арқылы мектеп жұмысына қатысуға;

14

3) өз балаларының үлгерімі, тәртібі және оқу жағдайлары жөнінде ақпарат алуға;

4) психологиялық, медициналық және педагогикалық консультациялардан өз балаларын оқыту мен тәрбиелеу проблемалары жөнінде көмек алуға құқылы.

  1. Оқушылардың ата-аналары мен өзге де заңды өкілдері:

1) балалардың өмір сүруі мен оқуы үшін салауатты және қауіпсіз жағдайлар жасауға, олардың интеллектуалдық және дене күшін дамытуын, адамгершілік жағынан қалыптасуын қамтамасыз етуге;

2) бес (алты) жасында балалардың мектепке барар алдындағы дайындығын қамтамасыз етуге, ал алты (жеті) жастан бастап жалпы білім беретін мектепке беруге;

3) Мектеппен ынтымақтастық қарым-қатынас жасауға;

4) балаларының Мектепке баруын қамтамасыз етуге;

5) балаларының Мектептің ішкі ережелерін орындауына, Мектепке мектеп формасын сақтап келуін қамтамасыз етуге міндетті.

View the embedded image gallery online at:
https://sh-makash.edu.kz/adsfghjiy.html#sigFreeId632eb28ea3