Бірлестік жетекшілерінің әдістемелік отырыстары ұйымдастырылып, атқарылуға тиісті жұмыстар барысына көмектер беріліп отырды. 12.01.2017 күнгі мектеп директорының №01-05-ші бұйрығына сәйкес мектепішілік «Жаңашыл жыл мұғалімі-2017» байқауы ұйымдастырылып оған мектеп бойынша 8 мұғалім қатынастырылып нәтижесінде қалалық «Жыл мұғалімі» байқауына орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Нугманова ФАРИДА Хасанқызы қатынастырылады.
2016-2017 оқу жылындағы әдістемелік оқу жоспарына сәйкес Қаңтар айының 20 күні мектепішілік «Тарих-география пәні мұғалімдері арасындағы олимпиадасы» ұйымдастырылды. Олимпиадаға қатынасқандар саны 4 мұғалім.
І. Мектепішілік «Тарих-география пәні мұғалімдері арасындағы олимпиадасын» ұйымдастыруда төмендегі құрамда комиссия құрылды.
1. Комиссия төрағасы: Н.С.Бекбауов /директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары/
2. Комиссия төрағасының орынбасары: А.Қ.Изимова /директордың инновациялық жұмыстар жөніндегі орынбасары/
3. Комиссия мүшесі: мектепішілік кәсіподақ ұйымының төрайымы: Ф.Шығанақова
ІІ. Олимиаданың өткізілу ережесін талапқа сай ұйымдастырып, қарау оқу ісінің меңгереушісі Н.С.Бекбауовқа тапсырылсын.
ІІІ. Ереже:
1.Тур
- Өз пәндері бойынша тест сұрақтарын жүргізу. «Мұғалімдердің теориялық-практикалық әдіснамалық, ғылыми тәжірибелерінің сынақтық кезеңін ескеру».
2. Тур
- Жеке педагогтың «Менің портфолиом» жаңаша презентациялау афишасы.
Нәтижесінде:
І. ІІІ дәрежелі дипломмен Тарих пәнінің мұғалімі О.Идрисова
ІІ. ІІ дәрежелі дипломмен География пәнінің мұғалімі А.Абдуллина, География пәнінің мұғалімі Г.Муканалиева
ІІІ. І дәрежелі дипломмен Қойбақова Жанар
Қалалық педагогикалық оқуға 9 мұғалімнің жұмысы ұсынылып қатынастырылды. 7 мұғалім арнайы орындарға ие болса математика пәнінің мұғалімі Асанов Нұрбол және мектеп кітапханашысы Идрисова Бақытжамал жүлделі І орынға ие болып, облыстық педагогикалық оқуға қатынасуда. Қалалық үздік сынып жетекшісі байқауына 5 сынып жетекшісі Абдуллина Ақтілек қатынасып жүлделі ІІ орынға иеболса, қалалық геогрфия пәнінің үздік мұғалімі байқауына география пәнінің мұғалімі Муканалиева Гүлжан қатынастырылып жүлделі ІІІ орынға ие болды.
05 Мамыр 2021
Материал Мақаш Бекмұхамбетов атындағы орта мектебі