13 Қаз 2020
Материал Мақаш Бекмұхамбетов атындағы орта мектебі

Мақсат пен міндеттерді

М і н д е т т е р :

1.     Білім Заңын іске асыру, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың мазмұндық-әдістемелік негіздерін жетілдіру, оқытудың жаңа технологияларын оқу -тәрбие үрдісіне батыл енгізу, білім сапасын арттыру.

2.     ҰБТ мен ОЖСБ сынағына дайындық жұмысын одан әрі жетілдіру, оның тиімді жолдарын табу.

3.     Шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдер мен оқушыларға қолдау  көрсету, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін  дамытуға жағдай жасау.

4.     Оқушы біліміне қойлатын талапты күшейту, білім сапасын арттыру.

5.     Ынтымақтастық педагогикасын дамыту, оқушылар арасындағы тәртіпсіздіктерге жол бермеу, ата-аналармен ынтымақтастық жұмысты одан әрі жетілдіру.

6.     Әдістемелік апталықтар мен күндерді сапалы әзірлеп, өткізу және олардың мектеп басшылары мен мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдірудегі ролін көтеру.

7.     Сабақтың  барлық түрлерінің жоғары әдістемелік деңгейде өтуін қамтамасыз ету.

8.     Жас мұғалімдердің  кәсіптік шеберлігін көтеру жұмыстарын ұйымдастыру.

9.     Мектептің материалдық-техникалық базасын жақсарту, жетілдіру. Электронды оқулықтарды пайдалануға қол жеткізу, компьютерлік кабинеттерді толық мүмкіндікте пайдалануға қол жеткізу.

10.                        Салауатты өмір салтын қалыптастыру, мәдени-көпшілік, спорттық шаралардың мәнді өтуіне, оқушылар демалысын тиімді ұйымдастыруға қол жеткізу.

11.                       Білім беру технологияларын  енгізу арқылы сабақтардың сапасын көтеру.

12.                       Шығармашылықпен жұмыс істейтін  ұстаздардың тәжірибесін жинақтау және тарату.

13.                       Оқушылармен тікелей тәлім-тәрбие жұмысын жүргізетін ұйымдардың жұмысын жандандыру, жетілдіру, қамқорлықтағы балалармен жұмысты басты назарда ұстау.

14.                       Мектепішілік бақылау мен басшылықты күшейту, оның тиімді жолдарын іздестіру.

15.                       Әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру мен олардың есебін жүргізу, құжаттарын реттілікте ұстау.

16.                       Оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуын ұйымдастыру.

17.                       Әдістемелік және дидактикалық  материалдар әзірлеу.

 

Мақсат пен міндеттерді жүзеге асырудағы педагогикалық ұжымның іс –әрекетінің жоба  тақырыбы

 

Жоба тақырыбы:

Жеке тұлғаның рухани, интелектуалды және ұлттық мәдениетін қалыптастыра отырып, оқушылардың білім сапасын арттыру.

 

Жобаның мақсаты:

Қазақстан Республикасының, рухани дамыған  азаматын қалыптастыру, оның білім алға деген қажеттілігін қанағаттандыруда білім беруді ақпараттандыру арқылы басқаруды оңтайландыру.

 

Жобаның міндеттері:

1.     Жеке  тұлғаны тәрбиелеу және олардың азаматтық белсенділігін, әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыру жөніндегі шаралар кешенін іске асыру, нәтижесін анықтау.

2.     Интерактивті тақта мүмкіндіктерін оқу және тәрбие процесінде мұғалімдердің кеңесін пайдалану деңгейін анықтап рейтингісін шығару.

3.     Пән бірлестік мүшелерінің сапалық құрамы мен толық мәліметін электронды жүйеде  жинақтау, бірлестік рейтингісін шығару.

 

Күтілетін нәтиже:

             Мектептің басқару, бақылау, жаңа инновациялық технологиялар арқылы дамыту, білім сапасын арттыру жолында мониторингтік жүйеге көшу.