13 Қаз 2020
Материал Мақаш Бекмұхамбетов атындағы орта мектебі

Жетістіктер

Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың І кезеңін мектепішілік өткізу туралы Атырау қалалық білім бөлімінің 02.11.2016 күнгі №454/1 бұйрығына сәйкес «Жалпы білім беретін» ғылыми пәндері бойынша қараша айының 18-19 күндері   8-11 сыныптар аралығында Республикалық олимпиадасының І кезеңі бойынша ұйымдастырылып нәтижесінде 40 оқушымыз қалалық олимпиада ұсынылды. Қалалық олимпиада нәтижесінде 26 оқушы жүлделі орындарға ие болып келді. І орын-2, ІІ орын- 10, ІІІ орын-11, Алғыс хатпен- 3 оқушы марапатталды. Обылыстық олимпиадаға мектебіміздің 10 сынып оқушысы Охасова Данагүл физика пәні бойынша қатынасып жүлделі ІІ орынға ие болды.

2016-2017 оқу жылында облыстық «Ғылыми жобалар» байқауында қазақ тілі мен әдебиеті пәндері секциясы бойынша 9 сынып оқушысы Құрмантаев Исатай ІІ орынға ие болды. Жетекшісі: Жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бекбусинова Жұмажан.  2016-2017 оқу жылында қалалық  Қалалық «Ғылыми пәндер» олимпиадасында 8 сынып оқушысы Мұрат Венера «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен жүлделі І орынға ие болды. Жетекшісі: Жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Салихова Айымгүл.  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жоғары санатты мұғалімі  Бекбусинова Жұмажан «Мәңгілік елдің мәртебелі мұғалімі» медалімен марапатталды. Мектебіміздің І санатты биология пәнінің мұғалімі Жұмабаева Райса «Халықаралық педагогтардың білім беру  ісіндегі  жетістіктері үшені энцоклопедиасында» еңбегі жарияланып,арнайы «Білім беру ісінің жанашыры» медалімен марапатталды.

1. Қалалық  «Зерде» 1-7 сыныптар арасындағы ғылыми шығармашылық жобалар жарысынан  5 сынып оқушысы Қуанов Ахмет ІІІ орын, қалалық Ә.Кекілбаев оқуларының «Ғылыми жобалар» байқауынан 9 сынып оқушысы Муслимова Назерке  «Алғыс хатпен», қалалық Ф.Оңғарсынова оқуларының «Дарындылар жобасынан» 9 сынып оқушысы Набидолаева Светлана «Алғыс хатпен», қалалық «Менің елім-менің елім» тақырыбындағы мәнерлеп оқу сайысында 9 сынып оқушысы Сәрсенбаева Ақмарал «Алғыс хатпен» марапатталды. Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жұмабаев Сұлтан.

2. Қалалық  «Зерде» 1-7 сыныптар арасындағы ғылыми шығармашылық жобалар жарысынан 6 сынып оқушысы Меңдіжанова Диана ІІ орын, облыстық байқауынан ІІ орынға ие болды. Жетекшісі: тарих пәнінің мұғалімі Лукпанова Дина.

3. Қалалық  «Зерде» 1-7 сыныптар арасындағы ғылыми шығармашылық жобалар жарысынан бастауыш сыныптар бойынша 4 сынып оқушысы Шахаева Гаухар  ІІІ орын. Жетекшісі:Р.Күзембаева.

4. Қалалық  деңгейде  ұйымдастырылған «Үздік АӘД пәнінің ұйымдастырушысы-2016» мұғалімдер  арасындағы  сайыста  Әліби Какимов  жүлделі ІІІ орынға  ие  болды.

5. Сонымен қатар республикалық, халықаралық ғаламтор арқылы ұйымдастырылатын қашықтық сайыстарға қатынасушыларда бар.